21 қаңтар 2018 13:29

Apple iPhone 6 Plus смартфондарын басқа модельдерге тегін ауыстырып беріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Григорий Сысоев © РИА Новости / Григорий Сысоев

АҚШ-та Apple компаниясы iPhone 6 Plus смартфондарын iPhone 6s Plus өзге модельдеріне тегін ауыстырып беріп жатыр, - деп хабарлады РИА Новости агенттігі MacRumors ақпарат көзіне сілтеме жасап.


АҚШ-та Apple компаниясы iPhone 6 Plus смартфондарын iPhone 6s Plus өзге модельдеріне тегін ауыстырып беріп жатыр, - деп хабарлады РИА Новости агенттігі MacRumors ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, егер телефонда қандай да бір проблема, мысалы батареясын ауыстыруға байланысты қиындықтар болса, қызмет көрсету орталықтарына 2018 жылдың наурыз айына дейін барып, қызметке жүгіну қажет.

"Компания iPhone 6 Plus смартфондарын және оған қажетті бөлшектерді шығаруды тоқтатты. Журналистердің болжамы бойынша, Apple компаниясының мұндай шешімі тұтынушылардың аккумуляторды ауыстырып беру туралы өтініштерінің жиілеп кетуімен байланысты болуы мүмкін, себебі олар қызмет көрсету орталықтарында енді жоқ", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, бұған дейін Apple компаниясының өкілдері iPhone 6, 6S және SE смартфондарының жұмысын бәсеңдететіндерін көпшіліктің алдында мәлімдеген, осылайша олар аккумулятордың тез отырып қалуынан сақтап, оның ұзақ уақытқа жетуін қамтамасыз етпекші. Бұл мәлімдемеден кейін бүкіл әлемдегі тұтынушылары сотқа арыздана бастаған, осыдан кейін корпорация iPhone ескі модельдерінің батареясын ауыстыру құнын түсіру жөнінде шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети