18 наурыз 2021 10:10

Apple сәуірде iPad-тың жаңа модельдерін ұсынады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: apple.com Фото: apple.com

Apple сәуірде iPad-тың жаңа модельдерін ұсынуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Apple сәуірде iPad-тың жаңа модельдерін ұсынуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Блумберг агенттігі жағдайды білетін дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Агенттік мәліметінше, Apple iPad Pro желісін жаңартпақ, онда жетілдірілген процессор мен жақсы камера болады. Жаңа модельдер қазіргі iPad Pro-ға ұқсас жасалады және экран өлшемдері де бірдей болады - 11 және 12,9 дюйм.

1976 жылы құрылған Apple жеке және планшеттік компьютерлер, аудиоплейер, телефон, смарт-сағаттар мен бағдарламалық жасақтама шығарумен айналысады. Қазанда компания смартфондардың төрт жаңа моделін ұсынды: iPhone 12, iPhone 12 mini, сондай-ақ iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max.

Бұған дейін инсайдерлер Apple-дің болашақ iPhone 13 смартфондарының жады бірнеше есе көбейтілетінін хабарлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети