1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Apple Store уақытша жұмыс істемей тұр - БАҚ05 маусым 2017, 21:41

© justapple.by © justapple.by

WWDC 2017 конференциясының таныстыру рәсімінің қарсаңында Apple компаниясының ресми интернет-дүкені қайта құру жұмыстарына жабылды, - деп хабарлайды 9to5Mac сайты.

Сайт қолданушылары компанияның тауарларының бағасын көрейін деген сәтте әр түрлі тілде мынадай хабарлама жіберіледі: "Біз қазір Apple Store жүйесін жаңартып жатырмыз. Кейінірек оралыңыз". 

БАҚ мәліметінше, WWDC-2017 конференциясы 5-9 маусым аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында өтеді. Осы шара барысында Apple компаниясы Intel Kaby Lake процессорлары орнатылған MacBook Pro жаңартылған нұсқаларын таныстырады. Сондай-ақ 13-дюмдік MacBook және 13-дюмдік MacBook Air таныстырылады. Сонымен қатар, 10,5-дьюм экраны бар iPad планшетіде таныстырылады.