18 тамыз 2022 18:10

iPhone 14 қашан шығатыны айтылды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Apple 7 қыркүйекте жаңа құрылғыларды таныстыру шарасын өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Apple 7 қыркүйекте жаңа құрылғыларды таныстыру шарасын өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

iPhone 14 смартфондары мен басқа да жаңа өнімдерді ұсынатын Apple компаниясының іс-шарасы туралы бірінші болып Bloomberg хабарлаған болатын. Басылым аноним дереккөздерге сілтеме жасады.

Пандемия кезіндегідей, компания іс-шараны онлайн трансляцияда көрсететіні айтылды.

Іс-шарада iPhone 14, iPhone 14 Max, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондары, Apple Watch-тің үш жаңа моделі және жаңа iPad таныстырылады деп күтіледі.

iPhone 14 қыркүйектің ортасында сатылымға шығады деген болжам бар. Кейбір Apple Store қызметкерлеріне 16 қыркүйекке дайындалуға кеңес берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети