iPhone 6 Қазақстан нарығына 20 қыркүйекте енеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото apple.com cайтынан алынды Фото apple.com cайтынан алынды

IPhone 6 Қазақстан нарығына 20 қыркүйекте енеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Apple компаниясының Қазақстандағы жарнама жөніндегі менеджері Артем Казенин хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

IPhone 6 Қазақстан нарығына 20 қыркүйекте енеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Apple компаниясының Қазақстандағы жарнама жөніндегі менеджері Артем Казенин хабарлады.

"iPhone 6 тауар белгісінің Қазақстандағы сатылым бағасы 274 мың 500 теңгеден басталып, 360 мың 510 теңгеге дейін барады. Сондай-ақ iPhone 6 Plus бағамы Қазақстанда 301 мың 950 теңге және 402 мың 600 теңге аралығында болады. Phone 6 - 20 қыркүйектен бастап сатылымға шыға бастайды. Қазірдің өзінде арнайы тапсырыс берушілер бар. Бірақ тапсырыс берушілердің нақты саны қанша екенін әзірге айта алмаймын" - деді А.Казенин.

Айта кету керек, Apple компаниясы 4,7 және 5,5 дюймді дисплейге ие, 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры бар iPhone 6 және iPhone 6 Plus нұсқаларын 9 қыркүйек күні жұртшылыққа таныстырған болатын.

iPhone 6 және iPhone 6 Plus сынбайтын шынымен жабдықталған. Құрылғы күміс, сұр және алтын жалатылған үш түрлі түстен тұрады.

Жағымды жаңалық ретінде құрылғылардың автономды жұмыс істеу уақытының артуын айтып өтуге болады. iPhone 6-да видео көру режимінде, сәйкесінше 11 және 14 сағат пайдалануға болады. Бұл ретте құрылғы  wi-fi пайдалануда 11 және 14 сағат, 3G-де – 11 және 12 сағат мөлшерінде автономды түрде жұмыс істейді.  Ал іPhone 6 Plus құрылғысында мұндай автономды жұмыс істеу уақыты 16 тәулікте  14 сағаттан 24 сағат мөлшерін құрайды. Айта кету керек, бұған дейін таныстыру барысында  бұл құрылғылардың нақты бағасы айтылмаған болатын.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer