13 қыркүйек 2017 08:53

iPhone 8 бен iPhone X таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple корпорациясы iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарын таныстырды. Танытырылым компанияның жаңа кампусында, Стив Джобс атындағы театрында өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Apple корпорациясы iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарын таныстырды. Танытырылым компанияның жаңа кампусында, Стив Джобс атындағы театрында өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы екі құрылғының  iPhone 7-ден айырмашылығы көп емес - жаңа "темір", шыны корпус және сымсыз қуаттағышы бар. 

Айта кетейік, iPhone 8 бен 8 Plus құрылғыларына A11 Bionic жаңа процессоры орнатылған.

 Смартфон 22 қыркүйектен бастап сатылымға түседі. Жаңа  iPhone 8 және iPhone 8 Plus сыйымдылығы 64 және 256 Гб болады. Жаңа "айфондардың" сымсыз қуатты функциясы болады.

Шара соңында Apple ең қуатты гаджетті таныстырды, оны Тим Кук "болашақтың смартфоны" деп атады. Бұл модель iPhone X немесе iPhone Ten деп аталады. 


iPhone X. Бағасы 999 доллардан бастап. Сатылымға 3 қарашада түседі. 

Үшінші модельдің дизайны жаңа - 8,8 дюйм болатын OLED-дисплей. Смартфонның саусақ ізін танитын Home батырмасы енді жоқ, оның орнына адамның бетін сканерлейтін құрылғы орнатылған. Оның арқасында Apple Pay арқылы сауда жасауға және құрылғыны бұғаттауға болады.

Мұнымен бірге, телефонда энергияны тиімді пайдаланатын Apple A11 алтыядролық процессоры бар. Құрылғы арқылы кадр жиілігі 60 fps 4К-видео және 240 fp болатын FullHD-видео түсіруге болады. 

Жаңа iPhone-мен қатар, LTE-модулі бар Apple Watch жаңа сағаты, 4К және HDR фроматында видео көрсете алатын Apple TV таныстырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети