Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда iPhone 7 смартфондарының бағасы белгілі болды

08 Қыркүйек 2016, 17:55
2
© REUTERS
© REUTERS

Қазақстанда iPhone смартфондарының жаңа нұсқасы 17 қыркүйекте сатылымға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Apple компаниясы өкілдерінің айтуынша, алдын ала тапсырыс берген жағдайда iPhone смартфондарының бағасы 612 мың теңгеден 782 мың теңгеге дейін жетеді. Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone 7 смартфонының бағасы 612 мың тұрса, сыйымдылығы 128 гигабайт iPhone 7 смартфоны 680 мың теңге тұрады. Ал сыйымдылығы 256 гигабайт смартфонның бағасы 748 мың теңге.

Сондай-ақ, iPhone 7 Plus смартфондарының бағасы белгілі болды. Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone 7 Plus - 646 мың теңге, 128 гигабайт - 731мың теңге, 256 гигабайт 782 мың теңге.

Компаниядағылардың айтуынша, қазіргі уақыттың өзінде қазақстандықтардан 35 тапсырыс келген.

Ал "Мечта" желісіндегілердің айтуынша, олар жаңа смартфондардың дүкендерде қашан пайда болатынын және бағасы қанша болатынын әзірше білмейді. Бірақ olx жарнамалар сайтында  iPhone 7 смартфондарын тапсырыспен сатып алу туралы хабарламалар жарияланған екен. Ол сайтта жаңа смартфондардың бағасы 270 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі бағаларды көрсетіп тұр.

Айта кетейік, АҚШ-та жаңа iPhone 7 смартфонының бағасы 649 доллардан басталады. Ал iPhone 7 Plus бағасы 769 доллардан басталады екен. Ресейлік Apple Store сервисінде iPhone 7 смартфондарының жаңа нұсқалары 56 990 рубльден басталса, iPhone 7 Plus бағасы 67 990 рубль тұрады.

Осыған дейін 7 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone смартфондарының жаңа нұсқаларын таныстырған болатын. Жаңа құрылғылардың таныстырылымы Сан-Францискода өтті. Apple басшысы Тим Кук екі жаңа модель жайлы айтып берді, олар iPhone 7 және iPhone 7 Plus.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай