13 қыркүйек 2017 17:55

Қазақстанда жаңа iPhone сатылымға қашан шығады және бағасы қанша болуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Apple өнімдері - iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарының ресми сатылымы шамамен қазан айының екінші жартысынан басталады. Tengrinews.kz тілшісі жекеменшік сатушылардан жаңа смартфондардың бағасы шамамен қанша болатынын сұрап көрді.


Қазақстанда Apple өнімдері - iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарының ресми сатылымы шамамен қазан айының екінші жартысынан басталады. Tengrinews.kz тілшісі жекеменшік сатушылардан жаңа смартфондардың бағасы шамамен қанша болатынын сұрап көрді.

Ірі сауда орталықтарындағы бірнеше сатушы iPhone 8 смартфондарын 500-600 мың теңге сататындарын айтады. Ал iPhone 8 Plus-тың бағасы 100 мың теңгеге қымбат болады делінеді. Сонымен қатар, сатушылар ресми сауда орталықтарында сатылымға шығатын смартфондардың бағасы қымбатырақ болатынын айтып өтті.

"Жаңа iPhone 8 смартфондарын 23 қыркүйектен бастап менен сатып алуларыңызға болады. Бағасы - 1 100 доллар. Ал Iphone+ сатылымға кейінірек шығады. Оның бағасы шамамен 1 500 доллар болады", - дейді сатушылардың бірі. Сондай-ақ, жаңа гаджеттерді АҚШ-тан сатып алмайтынын айтты.

"Бізде де өзіміздің жеткізушілеріміз бар", - деп түсіндірді ол.

Дегенмен де телефон сатушылардың басым бөлігі Apple смартфондарының бағасы шамамен қанша болуы мүмкін екенін айта алмады. Айта кетейік, Apple корпорациясының ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, Ресей бойынша Iphone X бағасы 79 990 pyбльден, Iphone 8 - 56 990 pyбльден бастап, ал Iphone 8 Plus 64 990 pyбльден бастап сатылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Apple корпорациясы iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарын таныстырған болатын. Алғашқы екі құрылғының iPhone 7-ден айырмашылығы көп емес - жаңа "темір", шыны корпус және сымсыз қуаттағышы бар. Жаңа iPhone-мен қатар, LTE-модулі бар Apple Watch жаңа сағаты, 4К және HDR фроматында видео көрсете алатын Apple TV таныстырылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети