20 тамыз 2017 09:48

Мамандар болашақта шығуы мүмкін 5 гаджетті атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар болашақта шығуы мүмкін бес гаджетті атады, - деп жазады VistaNews.


Мамандар болашақта шығуы мүмкін бес гаджетті атады, - деп жазады VistaNews.

Алдағы уақытта суға төзе алатын Comet смартфоны шығуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, смартфонды суға салсаң да оған ешқандай су өтпейді.

Кейінірек iPhone 9 смартфоны шығады деген болжам бар. Гаджет OLED-4К-дисплейімен ерекшеленіп, 8 ядролық процессорымен қолданушыларды таңғалдырмақ.

Сондай-ақ, Nokia өкілдерінен жаңа Nokia morph телефонын күтуге болады. Басылымның мәліметінше, қолданушы телефонды кез келген формада - қолданушы өзіне ыңғайлап ала алады. Себебі телефон пластиктен жасалады екен.

Apple компаниясының тағы бір өнімі - iPhone X смартфоны шығады деген болжам бар. Жаңа гаджеттің бағасы 1 000 доллардан асады. Оған себеп - жаңа смартфонның шыныдан жасалған корпусы мен ерекше дизайны және оның батырмасыз болуында.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, болашақта Triple display flip phone гаджеті шығуы мүмкін. Оның бір уақытта жұмыс істейтін үш экраны болады деп күтіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети