1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Samsung компаниясы Galaxy Note 7 смартфонының сатылымын тоқтатты

© voceaaradenilor.com © voceaaradenilor.com

Оңтүстіккореялық Samsung Electronics компаниясы ұялы телефон батареясының жарылу қаупі болғандықтан Galaxy Note 7 гаджетінің сатылымын тоқтатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Galaxy Note 7 гаджеті cатылымының тоқтатылуына оның аккумуляторындағы ақаулар себеп болған. Себебі смартфон мұндай батареялардан өздігінен жарылып кетуі мүмкін екен. Сондай-ақ, компаниядағылардың екі апта бойы сатылған смартфондардың батареяларын ауыстырумен айналысып жатқаны айтылады. Алайда смартфондардың қашан қайта сатылымға шығатыны хабарланбады.

Айта кетейік, Galaxy Note 7 смартфондары 19 тамыздан бастап бүкіл әлем бойынша сатылымға шыққан болатын.