1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

WhatsApp мессенджерінде сурет редакторы мен альбомдар пайда болды07 маусым 2017, 17:08

WhatsApp мессенджерінде суреттерді өңдеуге мүмкіндік беретін әрі фильтрі бар редактор пайда болды, сонымен қатар, суреттерді топтастыру жүйесі де пайда болды, - деп хабарлайды hitech.vesti.ru сайты TechCrunch порталына сілтеме жасап. 

WhatsApp қолданушылардың қиналғанын қаламайды, сол себепті Instagram желісіндегі 10-нан аса фильтр емес, бар-жоғы бесеу ғана. Солардың арқасында суреттерді әрлеуге әрі қанық етіп өңдеуге болады. Сонымен қатар, суреттерді жібергенде олар өздігінен топтастырылып отырады:

Мессенджерде тағы бір жаңалық бар, ол топ ішінде жазысуға ыңғайлы. Ендігі сәтте нақты бір хабарламаға жауап беруге болады. Бұл үшін хабарламаның оң жағынан солға қара басыңыз:

 

TechCrunch басылымының мәліметінше, Facebook-ке тиесілі мессенджердің жоспары бойынша, бұл жерде де осындай жаңалықтарды енгізу екен. Алайда әзірше бұл өзгерістің нақты қашан енгізілетіні белгісіз. 


Еуро бағамы 500 теңгеден асты