Алматы туристерге қазақтың қандай ұлттық тағамдарын ұсынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақтың ұлттық тағамдары белгілі бір тағамдардың тізімі ғана емес. Бұл жазы қуаң, қысы қаһарлы далада денсаулықты қорғаған көшпелілердің көп жылғы тәжірибесінің жемісі. Көшпелілердің тұрмысы мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, олар негізінен жылқы және қой етін азық еткен. Біз сіздерге Алматыдағы туристер міндетті түрде дәм татуы тиіс қазақ ұлттық асханасының негізгі және ең дәмді тағамдары туралы айтып береміз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақтың ұлттық тағамдары белгілі бір тағамдардың тізімі ғана емес. Бұл жазы қуаң, қысы қаһарлы далада денсаулықты қорғаған көшпелілердің көп жылғы тәжірибесінің жемісі. Көшпелілердің тұрмысы мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, олар негізінен жылқы және қой етін азық еткен. Біз сіздерге Алматыдағы туристер міндетті түрде дәм татуы тиіс қазақ ұлттық асханасының негізгі және ең дәмді тағамдары туралы айтып береміз.

Қазы

Қазақ ұлттық тағамдарының негізгі құрамы - жылқы еті. Бұл тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары ет. Жылқы еті өте тез қорытылады және майы аз. Жылқының ең жұмсақ және ең дәмді бөлігінен қазы дайындалады. Пішіні шұжыққа ұқсайды: жақсылап жуылған ішекке жылқы қабырғасының ауызға салғанда еріп кететін жұмсақ майы араласқан еті салынады, тұз, бұрыш, сарымсақ қосылады.

Әдетте, қазыны жеке салқын тағам ретінде немесе қазақша етпен (бешбармақ) бірге береді.

Қазыдан басқа жылқы етінен ұсынылатын жал, жая, қарта сияқты тағамдардың дәмін татып көруге кеңес береміз. Бұл тағамдардың дәмі керемет, жылқы етін тұздайды, пісіреді, қайнатады, ыстайды.

© Depositphotos.com

Ет

Бұл қазақ асханасының ең танымал тағамы. Қазақстандықтар бұл тағамды "беш" деп те атайды. Қазақтар етті қолымен жеген, сондықтан оның атауы - бешбармақ, бұл қазақ тілінен аударғанда "бес саусақ" дегенді білдіреді. Қайнап тұрған сорпаға пісірілген жайманы арнайы ыдысқа салып (дүкеннен дайын жайма сатып алуға болады), үстінен баппен пісірілген ет (жылқы еті, қой еті, сиыр еті) туралады, оның үстіне пияз бен қара бұрыш қосылған тұздық құйылады, тұздыққа қайнатылған картоп пен сәбіз қосуға болады.

© Depositphotos.com

Қуырдақ

Егер сіз бауыр, бүйрек және жүрек секілді субөнімдерді жақсы көретін болсаңыз, онда сіз бұл тағамды міндетті түрде дайындап көруіңіз керек.

Жаңа піскен қой еті, құйрық май және бауыр, бүйрек, жүректі қазанға салып қуырады, пияз қосалды, содан кейін туралған картоп қосалды. Көкөністермен безендіруге болады. Тағамның тағы бір түрі - бал қуырдақ. Оны жылқы етін қаймаққа бұқтырып дайындайды.

Сүт өнімдері: қымыздан шұбатқа дейін

Қазақ ұлттық асханасында сүттің алуан түрі қолданылады, мысалы, қой, бие, түйе, сиыр сүттері. Бие сүті немесе саумал ерекше бағаланады. Ол сауылғаннан кейін үш сағат ішінде қоректік заттарды сақтайды деп саналады. Оның құрамында бірнеше ондаған биологиялық компоненттер бар - аминқышқылдары, ферменттер, майлар, микроэлементтер және витаминдер. (A, C, B1, B2, B6, B12, E, N, PR, бета-каротин, фолий қышқылы). Бие сүтінен қымыз жасалады. Түйе сүтінен шұбат жасалады. Ал сиыр сүтінен қаймақ, май, қатық, айран және құрт дайындалады. Құрт - тұздалған сүзбеден (ашытылған сүзбе өнімі) шар тәрізді пішінде кептірілген өнім. Қазір құрт құрамына түрлі дәмдеуіштер қосады: бұрыш, сондай-ақ көкшөптер мен сарымсақ. Табиғи сәбіз бен қызылша қосып боялған, дәмі тәтті құрт түрлері де бар.

© Depositphotos.com

Қазақ тәттілері

Қазақ асханасында дәнді дақылдарды: тары мен бидайды ереше бағалайды. Сонымен, талқан (ұсақталған бидай), қант пен сары майдан жент дайындайды. Кейде оған ұсақталған сүзбе қосады. Жент немесе қазақ халуасын шар тәрізді түрлі пішінде әзірлейді. Бал мейіз, кептірілген өрік және жаңғақ қосылған жент тағамы көбіне кәдесый ретінде ұсынылады. Жентті ақ және қара шоколадқа батырып, дәмін татып көруге кеңес береміз.

Қазіргі қазақ асханасындағы тағы бір десерт - ірімшік немесе қазақша raffaello. Сүзбеге сары май, печенье, бал қосылады, пішінделеді және кокос пен шоколад ұнтақтары себіледі.

© Depositphotos.com

Бауырсақ

Бауырсақ - дастархан сәні, онсыз дастархан жайылмайды. Ол ашытылған қамырдан дайындалады: ұзын бөліктерге бөлініп, ұзындығы үш сантиметрге дейін кесіліп, көп мөлшердегі майға қызарғанша қуырылады. Кейде бауырсақтар дөңгелек пішінде немесе ұсақ қытырлақ шарлар түрінде жасалады. Алматыда бауырсақтың барлық түрін жеп көруге кеңес береміз.

Наурыз көже

Наурыз-коже - самое главное блюдо весеннего праздника казахов - Наурыз. Праздничное блюдо состоит из семи ингредиентов: мясо, соль, вода, масло, молоко, мука и злаки. В бульон добавляется молоко или айран, нарезанное на мелкие кусочки мясо, отваренная крупа в виде перловки или риса, приправляется это маслом и мукой. Но в разных регионах свой рецепт Наурыз-коже. Например, на юге страны любят добавлять вяленое мясо, кукурузу или просо и катык (домашняя сметана). А в северных регионах - айран (кефир), пшеницу, курт и копченую конину.

Наурыз көже - аты айтып тұрғандай, көктем мерекесі - Наурыздың ең басты тағамы. Мерекелік тағам жеті дәмнен тұрады: ет, тұз, су, сары май, сүт, ұн және жарма. Сорпаға сүт немесе айран, ұсақ кесілген ет, арпа немесе күріш түріндегі қайнатылған жарма қосылады, сары май мен ұнмен дәмделеді. Бірақ әр өңірде Наурыз көже әртүрлі әзірленеді. Мысалы, еліміздің оңтүстігінде кептірілген ет, жүгері немесе тары мен қатық (үй қаймақ) қосқанды ұнатады.

Ал солтүстік аймақтарда айран (қатық), бидай, құрт және ысталған жылқы еті қосылады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная