Қазақстанда жаңа ерекше мереке пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа ерекше мереке пайда болады Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Қазақстанда қазақ тазысы мен төбеті күні ресми түрде атап өтіледі, деп хабарлайды Tengri Life.


Қазақстанда қазақ тазысы мен төбеті күні ресми түрде атап өтіледі, деп хабарлайды Tengri Life.

Үкімет 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне толықтырулар енгізді.

Мерекелік күндер тізбесіне жаңа күн қосылды - Қазақ тазысы мен төбеті күні – 3 қыркүйек.

Қаулы 2026 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, "Жеті қазынаның" бірі. Тазы – аңшылықта адамның таптырмас көмекшісі, ал төбет – ата-бабаларымыздың малы мен мүлкінің қырағы күзетшісі. Бұл тұқымдар біздің тарихымызбен тығыз байланысты, ал олардың шығу тегі ғасырлар қойнауына кетеді.

Бұған дейін Қазақстанда қазақы ит тұқымдары күні аясында дәрістер, семинарлар, көрмелер және осы тұқымдардың тарихына, ерекшеліктеріне және күтіміне арналған іс-шаралар өткізілуі мүмкін екені айтылған.

Сондай-ақ мерекенің бекітілуі ит өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және қазақы ит тұқымдарын ұнататындарға тәжірибе алмасуға, көрмелерге, жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысуға көбірек мүмкіндік береді.

2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда "қазақ тазысы" тұқымын алдын ала тану және Қазақстанға стандарт иесі мәртебесін бекіту туралы шешім қабылданды.

Толық тану 2034 жылдан ерте емес, тұқымның дамуы және оның халықаралық жарыстарға белсенді қатысуы жағдайында күтіледі.

Tengrinews