18 мамыр 2014 17:44

Ари-Пекка Селин Қазақстан құрамасының жеңілісіне өзін кінәлі санайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ари-Пекка Селин. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Ари-Пекка Селин. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин Швейцария құрамасымен өткен кездесуден кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.


Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин Швейцария құрамасымен өткен кездесуден кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ең бірінші осы жарыста Швейцарияны жеңісімен құттықтаймын. Біз бұл ойынға дайын болмадық және қарсыластар секілді 60 минут бойы мұндай деңгейде күресу қиын болды. Жеңілістің себебін дәл қазір айту қиын. Алайда барлық жауапкершілікті мен өз мойныма аламын. Әр ойында бізде проблема туындады. Бүгін көп ойыншылар өз деңгейінде өнер көрсете алған жоқ. Өкінішке орай, келесі жылы біз Прагаға бара алмаймыз. Бұл біздің ең үлкен мақсатымыз еді, алайда енді ол жоқ",- деді Ари-Пекка Селин.

"Бірақ бірінші дивизионнан шығып қалсақ та, Финляндиямен болатын соңғы жарыста тек жеңу үшін өнер көрсететін боламыз",- деді Ари-Пекка Селин. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің толық сұхбатын осы жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы швейцариялық жігіттерден жеңіліс тауып, әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалған болатын. "Минск-Арена" мұз айдынында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Швейцариядан 6:2 есебімен жеңілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети