22 ақпан 2017 14:54

Азиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны ойсырата жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Данияр Майлыбаев © Данияр Майлыбаев

Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Оңтүстік Корея құрамасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.


Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Оңтүстік Корея құрамасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Турнирдің бірінші матчында Сергей Старыгин шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 4:0 (0:0, 2:0, 2:0) есебімен жеңіске жетті.

Матчтың бірінші бөлігінде есеп ашылмады. Кездесудегі есеп 34-минутта ашылды. Шайба авторы - Максим Волков. Ол сан басымдығын пайдаланып, қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Араға екі минут салып Никита Михайлис есепті ұлғайтты.

Үшінші кезеңде де Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея құрамасының қақпасына екі шайба соқты. 47-минутта Нұрсұлтан Белгібаев көзге түссе, жеті минуттан кейін Констатин Савенков матчты түйіндеді.

Айта кетейік, келесі кездесуін Қазақстан құрамасы 24 ақпан күні Қытай құрамасы қарсы өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети