06 қаңтар 2019 12:41

"Барыс" жыл басынан бері екінші команданы жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Барыс" баспасөз қызметінен Сурет "Барыс" баспасөз қызметінен

"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ дәстүрлі чемпионатында қонақт "Сочи" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу 5 қаңтарда "Большой" аренасында өтіп, 0:3 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. 


"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ дәстүрлі чемпионатында қонақт "Сочи" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу 5 қаңтарда "Большой" аренасында өтіп, 0:3 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. 

Ойынның 15-ші минутынада "Барыс" алға шықты. Қорғаушы Даррен Дицтің алыстан соққан шайбасы алаң иелерінің қақпасынан табылды. Оған канадалық Кертис Волк пен команда капитаны Брэндон Боченский көмектесті. Екінші кезеңде "Барыс" хоккейшілері жағдайын жақсартты. 27-ші минутта канадалық шабуылшы Мэтт Фрэттин екінші шайбаны соқты. Үшінші кезеңде "Барыс" кездесудің нүктесін қойды. Ойынның 44-ші минутта Волк салды. 

"Барыс" қақпасын Хенрик Карлссон қорғады. Ол осы маусымда төртінші ойын қатарынан қақпаға бірде-бі шайба жіберген жоқ. "Барыс" қатарынан екінші рет жеңіске жетті, ал "Сочи" болса үшінші рет жеңіліс тапты. Бірінші ойында астаналықтар 2019 жылы қонақта 0:2 есебімен "Спартактан" ұтылып жатып, камбэк жасап 4:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қазіргі уақытта "Барыс" сапында 63 ұпай бар және Шығыс конференциясында екінші орында тұр. Ендігі кезекте "Барыс" өз алаңында қатарынан бес ойын өткізеді. 8 қаңтарда астаналық команданың қарсыласы "Амур" клубы болады. Ойын Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети