15 наурыз 2019 09:45

"Барыс" қарсыластың "лас әрекеті" үшін ҚХЛ-ға шағым түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/barys.team © instagram/barys.team

"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ плэй-офф кезеңінің ширек финалындағы алғашқы матчында омдық "Авангардтан" ұтылып қалды. Ойын 14 наурызда Астанада өтіп, 1:3 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ плэй-офф кезеңінің ширек финалындағы алғашқы матчында омдық "Авангардтан" ұтылып қалды. Ойын 14 наурызда Астанада өтіп, 1:3 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші кезеңнің 13-минутында қонақтардың шабуылшысы Кирилл Петров есеп ашты. Бірнеше минуттан соң Хенрик Карлссон қақпасына екінші шайба енді. Бұл жолы "Авангард" форварды Илья Михеев көзге түсті.

Үзілістен кейін "Барыс" белсендірек ойнады, бірақ астаналықтар да, ресейлік клуб та есепті өзгерте алмады. Ал үшінші таймда Андре Петерссон есеп айырмасын қысқартты. Артынша "Барыстың" швециялық шабуылшысына қарсы канадалық қорғаушы Коди Франсон дөрекі ойнап, хоккейші ойынды жалғастыра алмады. Бұл оқиға төрешінің назарынан тыс қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Куда смотрят судьи? Два момента, когда бьют клюшкой по лицу хоккеистам "Барыса", но в ответ ничего ⠀ Первый такой момент случился во втором периоде, когда хоккеист "Авангарда" ударил клюшкой по лицу Джесси Блэкера. ⠀ А здесь пострадал Андре Петерссон, который с трудом покинул площадку. ⠀ #khl #кхл #барыс #barys #хоккей #хкбарыс #icehockey #казахстан #kazakhstan #hockey #hcbarys #barysastana #астана #astana #барысперезагрузка #живихоккеем #алгабарыс #algabarys #БАРАВА #КубокГагарина #россия #russia #авангард #омск #балашиха #avangard #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Есеп айырмасын қысқартқан "Барыс" таразы басын теңестіруге тырысып, қақпашының орнына алтыншы ойыншысын шығарған. Бірақ қонақтар бос қалған қақпаға үшінші шайбасын соқты.

Осылайша, "Авангард" төрт жеңіске дейін созылатын серияда 1:0 есебімен алға шықты. Енді екінші матч 16 наурызда Астанада өтеді. Кездесу елорда уақытымен 17:00-де басталады. Кейін командалар Омда екі матч өткізеді.

Матчтан кейін "Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка елордалық клуб "Авангард" ойыншысының Андре Петерссонға қарсы "лас әрекетке" барғаны үшін ҚХЛ-ға шағым түсіретінін айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети