10 ақпан 2014 13:52

Еурододада екінші болдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет iihf.com сайтынан Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Францияда "Еурошақырылым кубогы" додасына қатысып, екінші орынға ие болды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті. Францияның Бриансон қаласында өткен "Еурошақырылым кубогында" Қазақстан ұлттық құрамасы үш ойын өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетті де, біреуінде ұтылып қалды. Әуелі айдын иелері Франция хоккейшілерін 4:2 есебімен тізе бүктірді. Голдарды Евгений Гасников, Роман Старченко, Алексей Литвиненко, Роман Савченко соқты. Одан соң Дания құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Бұл ойындағы төрт голды Роман Старченко, Фёдор Полищук, Михаил Паньшин және Николай Антропов енгізді. Соңғы ойында біздің хоккейшілер Германия құрамасымен кездесті. Немістер де екі ойында жеңіске жетіп, бірінші орыннан үмітті еді. Өкінішке қарай, Қазақстан ұлттық құрамасы шешуші ойында 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады. Жалғыз голды Фёдор Полищук соқты. Осы матчтың үшінші кезеңінің басында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, финн маманы Ари-Пекка Селин ойын аяғына дейін мұзайдыннан аластатылды. Бұл ойында біздің жанкүйерлер төрешілер жұмысына наразы болды. Бәлкім, батыстықтар қазақтын сайын даласынан келген команданың бір орынға ие болғанын көпсінген де болар... Сөйтіп, "Еурошақырылым кубогы-2014" додасында бірінші орынды 9 ұпаймен Германия құрамасы иеленді. Біздің хоккейшілер 6 ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты. Франция құрамасы Дания хоккейшілерін ғана ұтып, 3 ұпаймен үшінші орынды еншіледі. Ал бәрінен ұтылған Дания соқыр ұпай да еншілей алмай, соңғы орынды саялады. Біз үшін ең бастысы – бірінші орын емес, ұлттық құрамамыздың іс жүзінде сыннан өтіп, тәжірибе жинақтауы. Нәтиже бізге қазір емес, мамыр айында Минскіде өтетін әлем чемпионатында керек. Сол себепті, дәл қазір бізге ұлттық құрамамыздың жиналып, халықаралық аренада сынақтан өткені маңызды. Біздіңше, бұл жоспар жаман болған жоқ деп ойлаймыз. Бас бапкер осы дода барысында біраз ойлар түйген болар. Ең бастысы, ұлттық құрама сапына Ресей клубтарындағы ойыншыларымыздың біразы келді. Тек кейбіреулері әртүрлі дәлелді себептермен құрама сапына келе алмағандары болмаса, барлығының дерлік ел намысын қораудан бас тартпайтындықтарын білдік. Енді ше?! Қазақстан биыл әлем чемпионатының жоғары дивизионында бақ сынайды. Бірінші топ емес...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети