28 қаңтар 2017 23:26

Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы ұлыбританиялықтарды жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қыздардың алғашқы қарсыласы Ұлыбритания командасы болды. Кездесу қазақстандықтардың пайдасына 11:0 (4:0, 4:0, 3:0) есебімен аяқталды.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасында Карина Фельзинк, Малика Алдабергенова, Ажар Хамимульдинова, Ғалия Нұрғалива, Бұлбұл Қартанбаева, Мерует Рысбек, Пернеш Әшімова, Анастасия Орлова және Мадина Тұрсынова ерекше көзге түсті.

Енді келесі ойынды хоккейші қыздар 30 қаңтарда қытайлықтармен өткізеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасының топтық кезеңді айқын жеңіспен бастағаны хабарланған болатын. Кирилл Савитский ойыншы басымдығында қарсыластардың осал тұсын тапты. Одан кейінгі аралықта Артем Бурделев, Иван Степаненко, Константин Савенков, Микхайл Рахманов, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов бір-бір шайбадан соғып шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети