29 мамыр 2021 17:47

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында Италияны жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатының топтық матчінде элиталық дивизионда Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатының топтық матчінде элиталық дивизионда Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу "Арена-Ригада" өтті, ойын 11:3 (1:0, 2:1, 8:2) есебімен аяқталды.

Бірінші кезеңде Юрий Михайлистің командасы алға шықты, екінші минутта Роман Старченко есеп ашты. 

Екінші кезеңнің басында италиялықтар есепті теңестірді. 25-минутта Анджело Мичели алғашқы шайбасын соқты. Алайда содан кейін Қазақстан екі шайба қатарынан салды. Алдымен 33-минутта Егор Петухов команданы алға шығарса, үш минуттан соң Евгений Рымарев оның нәтиесін қайталады. 

Осы жеңістің арқасында Қазақстан он ұпай жинап, топта қосымша көрсеткіштер бойынша Финляндиядан (10) кейін екінші орынға көтеріліп, плей-оффқа өтті. Ал Италия 2021 жылғы әлем чемпионатында "ұпайлар" бағанында нөл саны тұрған жалғыз команда.

Топтық кезеңдегі қорытынды матчті Қазақстан құрамасы 31 мамырда Норвегияға қарсы өткізеді (5), ол бүгін АҚШ-пен ойнайды (9).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети