20 мамыр 2014 10:26

Қазақстан хоккейшілері үшін әлем чемпионаты аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hcbarys.kz сайтынан Фото hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жеңілістен көз ашпай, өз тобында соңғы орынға табан тіреп, елге ерте қайтатын болды, деп жазады Tengrinews.kz.


Шайбалы хоккейден Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жеңілістен көз ашпай, өз тобында соңғы орынға табан тіреп, елге ерте қайтатын болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Соңғы екі ойынын Швейцария және Финляндия құрамаларымен өткізді. Швейцария құрамасын жеңгенде, жоғары дивизионда қалуымыз да ықтимал еді. Бірақ ең маңызды матчта тәжірибелі ойыншыларымыз жауапкершілік жүгін көтере алмады. Әсіресе, тіс қаққан қас шебер қақпашымыз екі рет өрескел қателік жіберіп, қақпамызға ерте кірген екі гол хоккейшілеріміздің сағын сындырып, еңсесін басып жіберді.

Ал кеше түнде Финляндия құрамасымен өткен матчта көптен күткен ойын өрнегін көрсетті. Өйткені бұл матчта біздің құрама жеңілді не, жеңді не... Ешқандай келіп-кетер пайдасы жоқ еді. Содан болар, хоккейшілеріміз еркін ойнап, тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетті. Егер басқа алты ойынды да осылай өткізгенде, онда жоғары дивизиондағы орнымыздан айырылып қалмас та ма едік?!

Иә, тәжірибелі хоккейшілеріміз сенім үдесінен шыға алмады. Бірінші рет қазіргі таңдағы ең үздік хоккейшілерімізді құрама сапына жинағанымызбен, мақсат орындалмады. Себебі, біздің құрама әлем чемпионатындағы ең егде команда болды. Отыздан асып кеткен хокейшілеріміз көп, жастар аз. Бәлкім, Ресей клубтары қызығып жүрген жас таланттарымызды да құрама сапына тартып, оларды да баули беру керек па еді?!

Осы ретте бас бапкеріміздің Евгений Рымаревтің өзін алғашқы екі ойында мұзайдынға шығармандығын, негізінен өзі танитын "Барыс" ойыншыларына сенім артқандығын айта кетуге болады. Бірақ Рымарев үшінші матчта ойынға қатысу құқығынан айырылған Ф.Полищуктің орнына шығып, біздің құраманың ең ширақ шабуылшыларының біріне айналды. Әрі содан бері үш гол соғып, мергендігімен де көзге түсті. Құрама сапында жеті ойында одан артық гол соққан ешкім жоқ...

Енді, ҚР шайбалы хоккей федерациясы ұлттық құрамамыздың әлем чемпионатындағы өнерін қорытындылайтын шығар. Соны асыға күтеміз.

Бір анығы, келесі жылы біздің хоккейшілер қайтадан бірінші дивизионда ойнайтын болады...

Қазақстан – Германия – 1:2 Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)
Қазақстан – Беларусь – 1:4 (1:0, 0:2, 0:2)
Қазақстан – Латвия – 4:5 (2:1, 2:3, 0:1)
Қазақстан – Ресей – 2:7 (0:1, 0:3, 2:3)
Қазақстан – АҚШ – 3:4 ОТ (1:1, 1:2, 1:0, 0:1)
Қазақстан – Швейцария – 2:6 (0:2, 0:2, 2:2)
Қазақстан – Финляндия – 3:4 (2:2, 0:2, 1:0)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети