01 қараша 2016 15:59

Қазақстандық хоккейшілер Универсиаданың финалына шығуға дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық хоккейшілер 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың финалына шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық хоккейшілер 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың финалына шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беретін лицензиялық турнирге дайындық үстінде. Ал ерлер құрамасының сапындағы ойыншылар ҚХЛ мен Қазақстан біріншілігінде ойнап жүр.

Осыған орай, ҚР-ның хоккейден мемлекеттік жаттықтырушысы В. Пашковскийбылай деп атап өтті: "Хоккейден әйелдер құрамасы Дүниежүзілік қысқы универсиада-2017 ойындарына нағыз бабында келуі тиіс. Олар қазір Астанада оқу-жаттығу жұмыстарында жүр. Жақында, қыздарымыз Олимпиаданың лизенциялық турниріне қатыспақ. Ал ерлер құрамасына келетін болсақ, олардың Қазақстан біріншіліктерінде ойнап жүргенінің өзі Универсиадаға үлкен дайындық".

Мемлекеттік жаттықтырушының айтуынша, Қазақстандық хоккейшілер 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың финалына шығуға дайындалуда.

"Біз Универсиада кезінде кіммен ойнайтынымызды білеміз. Сондықтан қол жеткізгіміз келетін мақсатты қазірден алдымызға қойып отырмыз. Хоккейден әйелдер құрамасы үздік үштікке кіре алады. Ал ерлер командасы алтын медаль үшін таласатын болады", - деп атап өтті В.Пашковский мырза.

2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсадада хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Чехия, Швеция, Қытай хоккейшілерімен кездессе, Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары Канада, Қытай және Ұлыбритания болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети