Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қыздарымыз төртінші топқа түсіп қалмаса етті

10 Сәуір 2014, 15:35
0
Сурет iihf.com сайтынан
Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші рет ұтылып, "үшінші топтан" да түсіп қалу қаупі алдында тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы биыл әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "В" тобында бақ сынап жатқанын жазғанбыз. Алғашқы матчта Солтүстік Корея құрамасынан 0:3 есебімен, одан соң Нидерланды қыздарынан овертаймда 2:3 есебімен ұтылып қалғандарын да баяндағанбыз.

Бұдан кейін айдын иелерімен, яғни Латвия құрамасымен кездескен қыздарымыз 1:3 есебімен тағы да жеңілістің кермек дәмін татты. Жалғыз голды тағы да Зарина Тухтиева соқты. Тағы да дейтін себебіміз, біздің құрама үш ойында үш-ақ гол соға алды. Үшеуінің де авторы – әдемі де, сұлу қызымыз Зарина.

Жалпы, Латвия былтыр бірінші дивизионындағы "А" тобында соңғы орынға табан тіреп, "В" тобына түсіп қалған болатын. Яғни деңгейі – сәл де болса жоғарылау. Бұған латыш қыздарының жеке-дара көш бастап келе жатқандары дәлел бола алады.
Қазақстан қыздары әзірше соңғы орында тұр. Қалған екі ойында ұтылатын болса, бірінші дивизионындағы "В" тобындағы орнынан да айырылады.

Біздің қыздар енді Қытай және Венгрия құрамаларымен кездеседі. Негізі, Венгрия арулары былтыр екінші дивизионынның "А" тобында топ жарып, төменгі топтан жоғарылап келген. Бірақ деңгейлері соншалықты төмен емес екен. Олар біздің құрама есе жіберіп алған Солтүстік Корея құрамасын 8:4 есебімен тізе бүктірді.

Осы матчтың нәтижесіне қарап, "біздің қыздар үшінші топтағы орындарынан алғашқы ойында, яғни Солтүстік Кореямен болған матчта айырылып қалған жоқ па", - деп сезіктеніп отырмыз...

Десек те, үмітімізді үзбейміз. Қыздарымыз қайсарлық танытып, соңғы матчтарын жоғары деңгейде өткізеді деп сенеміз. Әйтпесе, екінші дивизионынның "А" тобынан бір-ақ шығамыз. Мұны деңгейі жағынан төртінші топ деп түсінген дұрыс.

Ашығын айтқанда, осыдан бірер жыл бұрын ғана әлем чемпионатының жоғары тобында ойнап, 6-орынға дейін көтерілген (2009 жылы). 2002 жылы Солт-Лейк-Ситидегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан (8-орын). Ең бастысы, қысқы Азия ойындарында мерейімізді тасытып, абыроймызды асқақтатып, үш рет жеңімпаз атанған (2003, 2007 және 2011 жж.) қыздарымыздың осынша құлдырауларын көргіміз келмейді...

Әлем чемпионаты. І дивизион, "В" тобы. Латвия.

Алғашқы үш турдағы ойындар нәтижесі:
Қазақстан – Солтүстік Корея – 0:3
Нидерланды – Қытай – 8:2
Латвия – Венгрия – 4:0
* * *
Қазақстан – Нидерланды – 2:3 /ОТ/
Венгрия – Солтүстік Корея – 8:4
Латвия – Қытай – 5:1
* * *
Қазақстан – Латвия – 1:3
Қытай – Венгрия – 3:1
Нидерланды – Солтүстік Корея – 4:2

Үш турдан кейінгі турнир кестесі:
1. Латвия – 9 ұпай
2. Нидерланды – 8
3. Венгрия – 3
4. Солтүстік Корея – 3
5. Қытай – 3
6. Қазақстан – 1


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай