Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мұзайдында жас таланттарымызды шыңдап жүрміз

07 Наурыз 2014, 15:14
0
Сурет hcbarys.kz сайтынан
Сурет hcbarys.kz сайтынан
Ресейдің Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыстың" ізбасарлары, яғни "Снежные барсы" командасы биыл бірінші рет плей-оффқа шығып еді, бірақ алғашқы сатысында-ақ сүрінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иә, "Снежные барсы" биыл ғана Жастар хоккей лигасының плей-офф додасында бақ сынау құқығына ие болған еді. Аталмыш лигада 2011/2012 жылдардың маусымынан бері өнер көрсетіп келе жатқан жас таланттарымыз алғашқы екі маусымда мұндай құрметке қол жеткізе алмаған-ды.

Биыл "Снежные барсы" 56 ойыннан 76 ұпай жинап, Жастар хоккей лигасының "Шығыс" конференциясында 13-орынға ие болды. Сөйтіп осы конференцияда 4-орынды иеленген "Мамонты Югры" (Ханты-Мансы) командасымен плей-оффтың алғашқы сатысында, яғни 1/8 финалында кездесті.

Югра жігіттері Жастар хоккей лигасының негізгі біріншілігінде Қазақстан командасынан жоғары орналасқандықтан алғашқы екі кездесу Ханты-Мансыда өтті. Екі матчта да "Барыстың" ізбасарлары намысты қолдан бермей, тайталасты. Әйтсе де, аса тартысты өткен матчтардың біріншісінде 1:2 есебімен, ал екіншісінде 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Екінші күнгі ойында да есеп 1:2 болуы керек еді, бірақ "Снежные барсы" бапкерлері тәуекелге бел буып, қақпашыларын алып тастады. Осылай, алты ойыншымен есепті теңестірмек болды. Алайда бақтары жанбай, реті келмеді. Керісінше, айдын иелері қапысын тауып, қарауылсыз қалған қақпаға үшінші голды соғып кетті.

Бір қызығы, осы екі ойында да есепті Қазақстан жастары ашты. Сондықтан Астанада жас таланттарымыз есе қайтарар деп шүбәсіз сендік. Обалы нешік, үшінші ойында да жас таланттарымыз бірінші болып, есеп ашты-ақ. Тіпті ойын барысында үш рет жалқы шайба айырмасымен алға да шықты.

Жалпы,бұл ойында таразы басы екі жаққа алма кезек ауысып тұрды десек те болады. Өкінішке қарай, ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда бір шайба айырмасымен алға шыққан "Снежные барсы" жеңісті есепті уысында ұстап тұра алмады. Қонақтар ойын аяғына дейін екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Сөйтіп, азулы "Барыстың" ізбасарлары Жастар хоккей лигасының плей-офф додасынан тыс қалды. Себебі жастар лигасының осы сатысындағы дода үш жеңіске дейін созылуы керек болатын. Үш рет қатарынан ұтылған Қазақстан жастары биылғы маусымды осымен тамамдады.

Десек те, жас таланттарымыздың қайсарлық танытып, шамаларының жеткенінше тырысып баққандарын айта кетуге тиіспіз. Біз үшін ең бастысы Ресей лигасында жүлдеге жету емес (ол мүмкін емес те шығар...). Біз үшін ең маңыздысы – жастарымызды шыңдау, олардың шеберліктерін ұштау, ел намысын қорғайтын әлеуеті зор жастар тәрбиелеп шығару.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай