Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Сарыарқа" Братина кубогын жеңіп алды

28 Сәуір 2014, 22:08
1
Сурет hc-saryarka.com сайтынан
Сурет hc-saryarka.com сайтынан

Осыдан бірер минут бұрын Қарағандының "Сарыарқасы" Тюменнің "Рубинін" төртінші рет ұтып, Братина кубогын жеңіп алды, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.

"Сарыарқа" мен "Рубин" арасындағы алтыншы матч Қарағандыда өтті. Кеншілер клубы кездесуді өте жоғары қарқында бастап, үшінші минутта-ақ есеп ашты. Рас, көп ұзамай, қонақтар таразы басын теңестірді. Алайда екінші кезеңнің аяғында "Сарыарқа" өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, тамаша гол соқты.

Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Соңғы минуттарда "Сарыарқа" кем құрамда ойнап, "Рубин" тіпті қақпашысын алтыншы ойыншыға алмастырып, қыспаққа алды-ақ. Бірақ Қарағанды клубы оның бәріне төтеп берді. Жеңісті есепті уыстарынан шығармай, Братина кубогын иеленді.

Былтыр да финалға шығып, шектен тыс шиеленісті додада кубоктан айырылып қалған "Сарыарқа" биыл есесін қайтарды. Жеңіске деген жігерліктерінің арқасында, тіпті кейбір ойындардағы төрешілердің белден басқан әділетсіз шешімдеріне де мән бермей, биыл жеңімпаз атанды.

Кеншілер клубы жеңіс құшағында асыр салып жүргенде, команда сапындағы жалғыз қазақ Төлепберген Есмұханбет көк байрағымызды желбіретіп, арлы-берлі орағытып, жанкүйерлерді риза қылды.

"Сарыарқа» (Қарағанды) – "Рубин" (Тюмень) – 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)
Голдар:
1:0 – Елизаров (Ааб), 02:22.
1:1 – Незнамов, 12:36.
2:1 – Лучкин (Елизаров, Лебедев), 39:43.

Қақпашылар: Горячевских – Франскевич.
Соққылар: 30 (12+15+3) – 21 (11+8+2).

Финал:
/4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /3/ "Рубин" (Тюмень) – 4:2 (1:3, 4:0; 3:2 ОТ, 2:4, 3:1, 2:1)


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай