28 сәуір 2014 16:13

"Сарыарқа" мен "Рубин" бір-бірінің рекордтарын үзді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hc-saryarka.com сайтынан Сурет hc-saryarka.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Братина кубогының финалында Қарағандының "Сарыарқасы" мен Тюменнің "Рубині" кездесіп, бір-бірінің рекордтарын үзді, деп жазады Tengrinews.kz.


Шайбалы хоккейден Братина кубогының финалында Қарағандының "Сарыарқасы" мен Тюменнің "Рубині" кездесіп, бір-бірінің рекордтарын үзді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сарыарқа" мұзайдында "Рубинмен" кездескенге дейін, Ресей Жоғары хоккей лигасының Братина кубогы жолындағы плей-офф матчтарында 12 рет қатарынан жеңіске жеткен болатын. Бұл жаңа рекорд еді. Бұған дейінгі рекорд сегіз жеңіс болатын.

Негізі, бұл рекордты "Рубин" (Тюмень) клубы екі маусым ішінде жүзеге асырған екен. Таратып айта болсақ, 2010/2011 жылдар маусымындағы плей-офф додасында жеті рет қатарынан жеңіске жетіп, келесі 2011/2012 жылдар маусымындағы тағы бір матчта сол жеңісті сериясын жалғастырған.

2011/2012 жылдар маусымында "Торос" (Нефтекамск) клубы да сегіз рет қатарынан жеңіске жетіп, бұл рекордты қайталаған.
Биыл қазақтың "Сарыарқасы" 12 рет қатарынан жеңіске жетіп, аталған рекордтан әлдеқайда асып түсті.

Әрі 10 ойында қатарынан негізгі уақытта жеңіске жетіп, тыңнан түрен салып, тағы бір рекорд орнатты. Бұған дейін бұл рекорд алты ойынмен шектелген екен. Бұл рекордты да "Рубин" (2010/11) және "Торос" (2012/13) клубтары бөлісіп тұрыпты...

Алайда Тюменде өткен финалдық ойынның алғашқысында "Рубин" "Сарыарқаны" 3:1 есебімен сүріндіріп, қарағандылықтардың ұзаққа созылған рекордын үзді. Рас, ертеңінде "Сарыарқа" тюмендіктерді 4:0 есебімен күйрете жеңіп, есесін қайтарды.

Есе қайтарғанның көкесі Қарағандыда өткен үшінші матчта жүзеге асты. "Сарыарқа" овертаймда "Рубинді" 3:2 есебімен тізе бүктіріп, Тюмень клубының да рекордының тамырына балта шапты. "Рубин" түзде сегіз рет қатарынан жеңіске жетіп, өзгеше рекорд жасаған екен. Түздегі тоғызыншы кездесуін Қарағандыда өткізіп, жеңіліске ұшырады.

Бірақ "Сарыарқа" Тюмень клубын сол күйі "төпелеп" тастай алмады. Екеуара төртінші матчта ұтылып қалды (2:4). Ресей клубының көмескі тартқан үміті қайта тұтанғанымен, Тюменде өткен бесінші кездесуде олардың аптығын қайта басты. Нақтырақ айтқанда, түзде мұзайдын иелерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, жалпы есепте қайтадан алға шықты.

Бүгін – алтыншы кездесу. Егер "Сарыарқа" жеңіске жетсе, онда Братина кубогының иегері атанады. Жеңілсе, екі команда қайтадан Тюменге жол тартып, соңғы (жетінші) матч сонда өтеді (30 сәуірде).

Қалай десек те, бүгін – Қарағандыда "Сарыарқа" үшін биылғы маусымдағы соңғы матч. Бірақ екі жыл финалға шыққан "Сарыарқа" финалдық доданы тым ұзаққа созбай, бүгін Қарағанды төрінде жеңісті нүктесін қояды деп үміттенеміз...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети