19 ақпан 2015 16:43

15 жастағы оқушы Қазақша Уикипедия әкімшісі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook/Kazakh Wikipedia ©Facebook/Kazakh Wikipedia

Қазақша Уикипедияның әкімшісі болып 15 жастағы оқушы сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Facebook әлеуметтік желісіндегі Kazakh Wikipedia парақшасына сілтеме жасап.


Қазақша Уикипедияның әкімшісі болып 15 жастағы оқушы сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Facebook әлеуметтік желісіндегі Kazakh Wikipedia парақшасына сілтеме жасап.

"Уикипедияның "ең жас" әкімшісі сайланды! Уикипедияшылар қауымдастығында өткен сайлау нәтижесінде 15 жастағы оқушы - әкімші (админ) мәртебесіне ие болды", - делінген хабарламада.

Жас әкімшінің аты-жөні - Ғани Әудеков. Сонымен қатар, жарияланымда оның 10 мыңнан аса өңдеме жасап, "Алтын қалам", "Ерен еңбегі үшін" марапаттарына ие болғаны жазылған. "Мыңға жуық мақала авторы Ғаниді құттықтаймыз! Қазіргі заманның талапты жастарын ел білсін, жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз", - деп жариялады әлеуметтік желіні қолданушылар. 

Айта кетейік, Қазақша Уикипедия - Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусымынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл Уикипедияның ерекшелігі - 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица, төте және латын жазуы. Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінеді. Қазақша Уикипедияда қазіргі таңда 12 әкімші бар, 2015 жылдың 19 ақпан күнгі жағдай бойынша онда 212 034 мақала бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети