11 тамыз 2014 14:10

Apple Tengrinews.kz қосымшасы клонының авторларын жауапқа шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда қолдан жасалған көшірме қосымша. ©appannie.com Қытайда қолдан жасалған көшірме қосымша. ©appannie.com

Apple компаниясы Tengrinews.kz-тің iPhone-ға арналған қосымшасының қытайлық клонын жасаушыларға портал басшылығының наразылығын жеткізді. Бұл туралы қазақстандық сайттың техникалық бөлімінің қызметкері Шыңғыс Жұмағұлов айтты. Еске сала кетейік, Cao Thanh Hung деп көрсетілген сайт жасаушы Tengrinews.kz-тің ресми қосымшасын көшірмелеген болатын. Клон авторлары портал жарнамасынан табыс түсіруді көздеген болуы керек.

Жаңалықтар порталының өтінішінде Cao Thanh Hung өнімінің авторлық құқық туралы заңнаманы бұзып отырғаны баяндалған -қосымшаны жасаушылар Tengrinews.kz сауда маркасын заңсыз пайдаланып отыр. "Оған қоса, бұл қосымша Google-дегі сансыз көп контекстік жарнаманы пайдаланатындықтан, ол біздің брендке зиянын тигізіп отыр", - деп жазады сайт өкілдері. Tengrinews.kz өкілдері Cao Thanh Hung қолданып отырған қосымшаға тыйым салуды талап етеді, себебі ол компанияның имиджіне нұқсан келтіріп, ресурстың клиенттерге көрсететін қызметі сапасының төмендеуіне соқтырады.

Apple өкілдері Tengrinews.kz қосымшасы клонын жасаушылардан жаңалықтар порталының меншік құқығының бұзылмағаны туралы жазбаша куәландыруды күтіп отырғанын хабарлады. Сонымен бірге, олар тараптан бұл жағдайды реттеуге қадам жасауды күтетінін мәлімдеді. Cao Thanh Hung-ге сайттан Tengrinews.kz клонын қалай жою керектігі туралы ақпарат ұсынылды. "Мүмкін, ол өз бетімен өшіретін шығар, себебі онда басқа компаниялардың шағымы бойынша жарияланымнан алынған қосымшалар көп", - дейді Жұмағұлов.

Бұған дейін Tengrinews.kz-тің техникалық департаментінің директоры Виктор Мосалев қосымша түпнұсқасын Қытайда жасалған жалған көшірмеден қалай ажыратуға болатынын түсіндірген еді. Оның айтуынша, түпнұсқада логотиптің фоны жасыл түсті және "Т" таңбасының түсі ақ. Қытайлық жалған қосымшада бәрі керісінше. Tengrinews.kz-тің ресми қосымшасын Smart Park жасаған. Жаңалықтар порталы қосымшасының түпнұсқасы туралы мына жерде толығырақ жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети