03 қараша 2021 09:29

Facebook сурет пен видеодағы бет-әлпетті тану функциясынан бас тартады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © REUTERS Фото: © REUTERS

Meta компаниясы Facebook жақын арада фото мен видеодан бет-әлпетті тану функциясынан бас тартатынын хабарлады. Оны пайдалану қосымша талқылауды және нақты себептерді қажет етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Meta компаниясы Facebook жақын арада фото мен видеодан бет-әлпетті тану функциясынан бас тартатынын хабарлады. Оны пайдалану қосымша талқылауды және нақты себептерді қажет етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Өзгерістер енгізілгеннен кейін әлеуметтік желіде бетті тану функциясын рұқсат еткен қолданушылар енді анықталмайды және басқалардың фотолары мен видеоларында бар екені туралы хабардар болмайды. Facebook бұл қызметті парақшалардың үштен бірі пайдаланатыны және оны өшіру миллиардтан астам "бет-әлпетті танудың жеке үлгілерін" жоюға әкелетінін мәлімдеді.

"Кез келген жаңа технологияның пайдасы да, зияны да бар, сондықтан дұрыс, тепе-тең нұсқаны тапқымыз келеді. Адамдарды тану жағдайында бұл мәселені неғұрлым ұзақ және ашық талқылау қажет. Біз қоғаммен және реттеуші органдармен бірге жұмыс жасауды жалғастырамыз", - деп мәлімдеді компанияда.

Сонымен қатар, компания осы технологияны "адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік берген кезде оның ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз ету" мүмкіндігі бар салаларда қолдануды жалғастырады.

"Бүгін жарияланған өзгерістер компанияның жеке сәйкестендірудің тар формаларының пайдасына жаппай сәйкестендіру әдістерінен бас тартуы болып табылады", - деді Meta.

Бұған дейін Meta компаниясының жария саясат жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен Қазақстанның контент туралы есептілік жүйесінің бір бөлігі болғанын растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети