09 желтоқсан 2020 09:13

Ғарышкер Қазақстандағы дауылды ХҒС-дан суретке түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышкер Қазақстандағы шаңды дауылдың суретін жариялады. Ол Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ғарышкер Қазақстандағы шаңды дауылдың суретін жариялады. Ол Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік "Роскосмос" ғарышкері, ХҒС бортинженері Олег Артемьев шаңды дауылдың суретін Twitter-де жариялады.

"Каспийдегі шаңды дауыл, Қазақстан", - деп жазған ол.

Бұған дейін ғарышкер Олег Артемьев Instagram-дағы парақшасында Владивостоктың Халықаралық ғарыш станциясында түсірілген суреттерін жариялаған болатын. Сурет сипаттамасында ол Владивосток Қиыр Шығыстағы ең ірі теңіз порттарының бірі, Ресейдің Тынық мұхиты флоты орналасқан қала екенін атап өтті.

Ол Сахалинді де түсірген. Олег Артемьев - ресейлік ғарышкер, әлемнің 534-ші ғарышкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети