Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Google жұмысында ақау шықты 09 тамыз 2022, 10:47

Дүниежүзінде мыңдаған пайдаланушы Google іздеу жүйесіндегі ақауға шығамданды. Бұған танымал интернет-ресурстарының істен шығуы мен үзілісін
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзінде мыңдаған пайдаланушы Google іздеу жүйесіндегі ақауға шығамданды. Бұған танымал интернет-ресурстарының істен шығуы мен үзілісін бақылайтын Downdetector сайтының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, іздеу жүйесіндегі ақау туралы 40 мыңнан аса жағдай тіркелген.

Еуропада, АҚШ-та, Аустралияда, Ресейде және басқа да елдерде тұратын азаматтар жүйедегі ақауды байқаған. Проблемалар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 7-де басталған. Көпшілігі іздеу жүйесі жұмыс істемейтініне, 18 пайызы веб-сайт жұмысындағы ақауларға шағымданған.

Бұған дейін Google хакерлік шабуылдарға осалдығына байланысты Chrome браузеріне шұғыл жаңарту шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram