28 қаңтар 2021 17:04

Хабибтің атынан қазақстандықтарды жалған ұтысқа шақыратын хабарлама тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/khabib_nurmagomedov Фото:instagram.com/khabib_nurmagomedov

WhatsApp мессенджерінде UFC файтері Хабиб Нурмагомедовтың атынан автомобильдер ұтыс ойыны туралы жалған хабарлама тарап жатыр. Қазақстандық ұялы телефон қоданушыларына ұтысқа қатысу үшін фишингтік сайтқа өтетін сілтеме жіберілген. Stopfake.kz басылымы жағдайдың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Хабибтің атын жамылған алаяқтар қазақстандықтарды жүздеген 2019 жылғы Toyota Camry автокөлігінің бірін немесе ақшалай сыйлықты ұтып алуға шақырады. Ол үшін тек қысқа сауалнамаға жауап беру қажет.

"Шамасы фишингтік сайт болуы мүмкін. Бұл пайдаланушы сайтта қалдырған деректің бәрі басқа адамға мәлім болады деген сөз. Сол арқылы алаяқтар азаматтардың жеке ақпартына, төлем картасына және шотына қол жеткізе алады", - деп жазады Stopfake басылымы.

Айта кетейік, атақты спортшының атын жамылып қазақстандықтарды алдауға тырысқан жағдайлар бұған дейін де тіркелген. 2019 жылы KZ-CERT компьютерлік шабуылға әрекет ету қызметі алаяқтықтың бұл түрі туралы ескерткен еді. Ол кезде де қызықтыру мақсатында Toyota Camry көлігі ұтысқа қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети