10 сәуір 2018 16:52

Хакерлер YouTube желісінде ең көп қаралған видеоны өшіріп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Хакерлер YouTube желісіндегі пуэрториколық музыкант Луис Фонсидің Despacito композициясының видеоклипін өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоклип YouТube желісінде абсолют рекорд орнатқан еді. 

Қазіргі уақытта видеохостингте оны көру мүмкін емес. Клипті ашқан кезде "қолданушы видеоны өшіріп тастады" деген хабарлама тұрады. 

Желі қолданушылары ең танымал видеоның кенеттен өшіп қалуының себебін жариялады.

Болжаммен Prosox немесе Kuroi'SH хакерлік тобы видеоны бұзып кіріп, клиптің жазбасындағы қаруды ұстап, бетперде киген бірнеше адамның суретін қалдырған.  

БАҚ мәліметінше, Despacito әнінен бөлек, танымал әншілер Шакира, Тейлор Свифт және Дрейктің де туындылары өшіп кеткен. 

Айта кетейік, Despacito 2017 жылы 12 ақпанда жарияланып, жарты жылда үш миллиард қаралым жинады. Таяуда ғана видеоның қаралымы 5 миллионға жеткені туралы хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети