Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Instagram желісінде тағы бір функция пайда болды 09 мамыр 2017, 15:57

Instagram сервисі қолданушыларға суреттерді сайттың мобиль нұсқасы арқылы жариялауға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды TechCrunch. Ал бұған
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Instagram сервисі қолданушыларға суреттерді сайттың мобиль нұсқасы арқылы жариялауға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды TechCrunch. Ал бұған дейін тек ресми қосымша арқылы ғана сурет жариялау мүмкін болған.

Енді nstagram.com сайтының мобиль нұсқасында суретке түсіріп, суреттің өзін немесе бірнеше суретті жариялауға болады. Алайда қолданушыға фильтрлер және кеңейтілген өңдеу функциялары әлі де мүмкін болмай отыр - әзірше тек суретті айналдыру және оның форматын таңдау мүмкіндігі бар. Видеоны да тек қосымша арқылы жүктей аласыз.

Instagram сыртқы түрі өзгеріссіз қалды: лентаны парақтауға болады, ескертпелерді және қолданушылардың профилін көруге болады. Сайтта "Оқиға тізбегі" және жеке хабарламалар бөлімі жоқ.

TechCrunch мәліметінше, компания жаңарған веб-нұсқаны 2017 жылдың наурызынан бері сынап келеді екен. 

Instagram өкілдері басылымға берген сұхбатында сайттың жаңа нұсқасы қолданушылардың барлық құрылғыдан сурет көруі үшін жасалғанын айтып берді. Сонымен қатар, интернет жылдамдығы баяу елдерде дүкеннен қосымшаны жүктей алмайтындар үшін де қолайлы екені айтылады.

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram