29 шілде 2022 13:17

Instagram сыннан кейін жаңартуларды уақытша тоқтатты

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram әзірлеушілері қолданушылар сынынан кейін платформадағы жаңартуларды тоқтата тұруды шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Instagram әзірлеушілері қолданушылар сынынан кейін платформадағы жаңартуларды тоқтата тұруды шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі аптада Instagram суреттерге қарағанда, видео мазмұнына басымдық беретін экран нұсқасын сынай бастады. Онда видеолар смартфон экрнанына толық шығады. Бұл Желіні қысқа видеолар түсіріп, көруге арналған TikTok-қа ұқсатып жібереді. 

Қолданушылар Instagram-ның жаңа дизайнына көңілі толмай, қолданбаны аз пайдаланған. Сын әлеуметтік желі басшылығына қарсы ең үлкен акциялардың біріне айналды. Желіде фотограф Тати Бреннингтің "Make Instagram Instagram Again" (Instagram-ды қалпына келтіріңдер) деген жазуы бар суреті тарап кетті. Осылайша, петиция құрылып, акция басталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ▵✖️tati (@illumitati)

Ең танымал парақшалар тізімінде 2 және 7-орындарды иеленген Кайли Дженнер мен Ким Кардашьянның жазбаны бөліскені назар аудартты.

Instagram басшысы Адам Моссеридің айтуынша, жоспарланған жаңартулардан қолданушылардың теріс реакциясынан кейін бас тартуға шешім қабылдаған.

"Тәуекелге барғанымызға қуаныштымын, кейде сәтсіздікке ұшырамасақ, жеткілікті дәрежеде ойланбаймыз немесе батылдығымыз жетпейді. Бірақ міндетті түрде үлкен қадам жасап, қайта топтасуымыз керек. Көп нәрсеге үйреніп жатырмыз. Жаңа идеямен немесе итерациямен ораламыз. Сондықтан біз жұмыс жасаймыз", - деді Адам Моссери.

Оның айтуынша, әлеуметтік желі бұрынғы форматқа қайта оралуды жоспарлап отырған жоқ, бірақ сынды ескеріп, жаңа идеяларды дамытады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети