Қазақстанда WhatsApp істен шықты

03 Қыркүйек 2017, 05:40
0
Қазақстанда WhatsApp істен шықты - © Mashable
© Mashable

2 қыркүйекте кешкі уақытта Қазақстан территориясында әлемдегі ең танымал мессенджер - WhatsApp істен шықты. Астана, Алматы, Қарағанды және басқада қалалардың қолданушылары хабарлама жіберу және қабылдау мүмкіндігінің жоғына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана уақытымен таңғы 05:00 кезінде мессенджер әлі де істемей тұр. Қазақстан Ақпарат және коммуникация министрлігінен жауап алу мүмкін болмады. WhatsApp әкімшілігі де ешқандай пікір білдірмеді. 

Айта кетейік, мессенджердің істен шығуы 31 тамызда да байқалған. WhatsApp мессенджерінің істемей тұрғаны жөнінде әлемнің біршама елдерінің тұрғындары жазған болатын. Біреулер қосымшаға мүлдем кіре алмаған, ал біреулер хабарлама жібере алмаған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай