1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Қазақстандық ұялы операторлар лимитсіз 4G-интернетінен бас тартып жатыр

"Лимитсіз 4G-интернеті" акциясының мерзімі аяқталып қалды. Осыған байланысты жаңа жылдан бастап барлық абонент өзінің тарифіне сәйкес шектеулі трафикпен жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tele2 мен Altel абоненттеріндегі лимитсіз интернет тек 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейтін болады. Ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Tele2 мен Altel абоненттеріндегі интернет-трафик шектеулі болады.

"Сіздерге "Большой", "Большой Архивный 3", "Крутой" және "Крутой Архивный 3" тарифтерінің мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқаталатынын ескертеміз", - делінген Tele2 сайтында.

Altel ұялы байланысы да лимитсіз 4G-интернеті акцисының мерзімі аяқталатынын ескертті. Бірақ Altel абоненттері трафикті тағы бір айға соза алады екен.

Сондай-ақ, Beeline да лимитсіз интернет акциясынан бас тартпақшы. "Біз бастапқыда осылай айтқан болатынбыз. Бұл ешқандай да құпия болған емес. Әзірше акцияның уақытын созбаймыз. Басқа нұсқаларды ойластырып жатырмыз, бірақ лимитке қатысты емес", - деді Beeline Kazakhstan директоры Алексей Бендзь.

Айта кетейік, Kcell ұялы байланысында "Престиж+" тарифі 10 қаңтарға дейін созылды.