25 қыркүйек 2014 15:24

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі тас дәуірі деңгейінде - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kazakhstan IT Innovation ForumEXPO 2014 форумы.  ©Владимир Прокопенко Kazakhstan IT Innovation ForumEXPO 2014 форумы. ©Владимир Прокопенко

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі тас дәуірі деңгейінде тұр. Алматыда өткен Kazakhstan IT Innovation ForumEXPO 2014 форумында RRC Central Asia компаниясының директоры Сергей Шин Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді.


Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі тас дәуірі деңгейінде тұр. Алматыда өткен Kazakhstan IT Innovation ForumEXPO 2014 форумында RRC Central Asia компаниясының директоры Сергей Шин Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді.

Спикер Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өте өткір тұрғанын айтты. Қазақстан Президенті әрбір IT-форумда бұл мәселеге үлкен көңіл аударады. "Егер біздің ақпараттық қауіпсіздік деңгейімізді Батыспен салыстырар болсақ, онда біз алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндеміз. Қазақстан жылдар бойы ақпарат жинап алып, енді оны қалай қорғау керек деген мәселемен бетпе-бет келіп отыр", - деді Шин.

Оның айтуынша, қазақстандық компаниялардың көбінің проблемасы - олар ақпараттық қауіпсіздік міндетін кешенді түрде шеше алмайды. "Егер бұрын компьютерлерде антивирустың орнатылуы жеткілікті болса, бүгінде антивирус - орнатылуы тиіс нәрселермен салыстырғанда, баланың ойыншығы. Қазір, өкінішке қарай, Қазақстанда ақпаратты қорғау бейберекет іске асырылады. Мысалы, егер ұйымда осал тұс болса, оны жауып тастайды. Бірнеше жылдан соң өз ұйымының ақпараттық қауіпсіздік саласының жыртығын жамаған кезде, бір-бірімен байланысы жоқ жабдықтарды көреді. Ал бұл - жабдыққа, жұмыс орындарына, жалақыға деген артық шығын", - дейді сарапшы.

Дегенмен спикердің айтуынша, Қазақстанда, жеке, іскерлік және құпия ақпараттарға аса жоғары деңгейде қауіп төніп тұрған жоқ. Өнеркәсіп шпионажы мен хакерлер үшін еліміз көп қызығушылық туғызбайды. "Бірақ мәселе мынада: біздегі серверлерді шетелдегі хакерлер байланыс торабы ретінде пайдаланады. Мысалға, АҚШ-та банктің құлпы ашылып, карточкадан миллиондар ұрланса, қазақстандық хакер тонады дейді. Ал шын мәнінде қылмыскер АҚШ-та отырады, ол біздің серверлер арқылы банк есепшоттарын бұзады. Күн сайын әлемде ақпараттарға қол жеткізу мен ұрлаудың он мыңдай дерегі жасалады", - деді Шин.

Оның айтуынша, қазір отандық кәсіпкерлер ақпараттық қауіпсіздік туралы ойлай бастады, дегенмен жергілікті менталитет бұған кедергісін келтіреді. "Көп компания бұған онша мән бермейді, не көп ақша жұмсағысы келмейді немесе бізде ұрлайтын ешнәрсе жоқ деп есептейді. Адамдарды оқыту керек. Менталитетті өзгертіп, компаниялардың да білімін жетілдіру керек", - дейді маман.

Алматыда өткен форумда Қазақстанның IT-нарығындағы үрдістер туралы айтылды. Cisco Kazakhstan компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Тимур Мүмінов елімізде бұлтты техологияларды қолдану белең ала бастағанын айтты. Ол қазақстандық компанияларды ақпараттық қауіпсіздікті күшейтумен бірге, IT-саладағы жобаларды инвестициялауға да шақырды. "IT-салаға инвестиция сала отырып, сіз өз бизнесіңізді жылдам жүруге мәжбүрлейсіз. Бизнесті тұтынушылар мен олардың сұранысына жақындатасыз. Егер инвестиция болмаса, ескі технологияларды қолданып, құлдырайсыз, клиенттердің көбін өз сервисіңізбен қамтамасыз ете алмаймыз. Компаниялардың көбі IT-ге жеткілікті инвестиция аудара бермейді. Бұл IT-қызметкердің кемшілігі болуы мүмкін. Олар басшылыққа IT-дің тиімділігін, сервистердің жаңа инвестициялар кезінде жақсы әрі пайдалы жұмыс істейтінін дәлелдей алмай жатады", - деді Мүмінов.

Бұған дейін Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздіктің әлсіз екенін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Доғалов айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети