28 шілде 2021 18:01

LinkedIn өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желі бұғатталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: pixabay.com фото: pixabay.com

Іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған Linkedln әлеуметтік желісінің басшылығы Қазақстанда интернет-ресурстың бұғатталуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған Linkedln әлеуметтік желісінің басшылығы Қазақстанда интернет-ресурстың бұғатталуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің желіде құмар ойындарды жарнамалауға, жалған парақшалар ашуға тыйым салатын нақты ережелер бар. Сондықтан қазір тергеу жүргізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз платформаны пайдаланушылар үшін қауіпсіздікті, сенімділікті және кәсіби тәжірибені қамтамасыз ету", - деді компания өкілдері.

Қолданушылар LinkedIn-ге кеше, 26 шілденің кешінен бастап кіре алмаған

"Талдау барысында LinkedIn интернет-ресурсында интернет-казиноларды жарнамалауға және нақты адамдардың атынан жалған парақша ашуға байланысты бірқатар заңбұзушылық анықталды. Мұндай материалдарды орналастыру Қазақстан заңнамасының талаптарына ғана емес, LinkedIn интернет-ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Министрлік LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне заңбұзушылықтарды жоюды және жойылған тиісті материалдар бойынша шаралар қабылдауды талап ететін хабарлама жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети