07 қыркүйек 2020 09:17

Маман e-mail-ді кім және не үшін бұғаттай алатынын айтты

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: datenschutz.org Фото: datenschutz.org

Пошта сервистері қолданушының аккаунтын бұғаттауға құқығы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Пошта сервистері қолданушының аккаунтын бұғаттауға құқығы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Олар электронды поштаны бұзу, спам-тарату күдігіне байланысты немесе мемлекеттік органдар мен ведомстволардың талабы бойынша бұғаттай алады. Мұндай жағдайды алдын алудың әртүрлі жолы бар.

"Біз Mail.ru және "Яндекс" сайттарында электронды поштаны ашқан кезде талап бойынша Пайдаланушы келісімін жасап, оған келісеміз. Егер сіз ондағы шарттарды мұқият оқып шықсаңыз, пошта сервистері пайдаланушының есеп жазбасын жоюға немесе бұғаттауға құқығы бар. Сондай-ақ, пошта сервистері себебін түсіндірместен және пайдаланушыларға алдын ала ескертусіз поштаға кіруді тоқтата тұруға немесе шектеуге құқығы бар", - дейді "Синергия" IT-университеті институтының директоры Станислав Косарев.

Статистикаға сәйкес, бұғаттау көбіне пошта сервисі күдікті белсенділікті байқайтындығына байланысты болады. Мысалы, жаңа орыннан электронды поштаға кіруге тырысып, құпиясөзді жазу. Екінші жиі кездесетін себеп - поштадан жаппай хабарлама жіберу. Егер адресаттар тарапынан көптеген шағым түссе, онда сіз спамға да түсесіз. Үшіншіден, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың талабы бойынша электронды поштаны бұғаттау.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети