Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Мой Мир" қазақ тіліне аударылды

26 Тамыз 2014, 15:33
0
© mail.ru баспасөз қызметі
© mail.ru баспасөз қызметі
© mail.ru баспасөз қызметі
© mail.ru баспасөз қызметі

"Мой мир" әлеуметтік желісінің интерфесі қазақшаға аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайттың қазақ тіліндегі нұсқасына ауысу үшін арнайы тетікшелерді басу керек. Мамандар қазірдің өзінде "Мой мир" әлеуметтік желісіндегі көмекші құралдарды, "Проекты" графасы мен футер төменгі белгісін ыңғайлап қойды. Онда барлығы 3,5 мыңға жуық сөз аударылған. Әлеуметтік желідегі қазақша нұсқа "Менің әлемім" деп аталады.

Айта кетейік, "Мой мир" Қазақстандағы әлеуметтік желілер ішіндегі кең тарағаны болып есептеледі, оған ай сайын жалпы саны үш миллионнан астам қолданушы кіреді екен. Одан бөлек, қазақстандықтар Ресей, Украина және Беларусь тұрғандарына қарағанда әлеуметтік желіге кіруде белсенділік танытуда. Қазақстаннан қосылған пайдаланушылардың 25 пайызы "Мой Мирге" жүйелі түрде кіріп тұратын болса, ал әлеуметтік желіге тіркелгендердің 29 пайызы фотоларын жиі жаңартып тұрады.

Mail.ru интернет-сервисінің пошта қызметі де өзінің интерфейсін ТМД мемлекеттерінің тіліне аударуды жоспарлап отыр. Бұл бастама тек "Мой Мирда" ғана емес сонымен қоса, "Одноклассники" секілді жобаларға да қатысты.

"Мой Мир" интерфейсінің қазақша нұсқасы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай