27 қазан 2020 18:32

Нұрлан Сабуров Ресейдегі ең бай блогер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:vk.com/nurlan_saburov Фото:vk.com/nurlan_saburov

Стендап-комик Нұрлан Сабуров мен "Что было дальше?" шоуындағы әріптестері Ресейде ең бай YouTube-блогерлер атанды. Рейтингіні Forbes журналы жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Стендап-комик Нұрлан Сабуров мен "Что было дальше?" шоуындағы әріптестері Ресейде ең бай YouTube-блогерлер атанды. Рейтингіні Forbes журналы жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, қазақстандық әзілкеш LABELCOM-мен бірге жарнамадан 3,5 миллион доллар пайда тапқан. "Что было дальше?" шоуына жарнама жасайтындар бірнеше ай кезекте тұрады екен. Жарнама берушілер қатарында "Газпром Нефт" және Samsung бар. 

Екінші орында блогер Валентин Петуховтың гаджеттер туралы Wylsacom каналы. Оның жарнамадан түсетін табысы 3,4 миллион доллардан асқан. Канал смартфондар, компьютер мен техника өндірушілерін жарнамалайды, сонымен қатар Петухов "Сбер" және "Мегафонмен" келісімшарт жасасқан.

Үшінші орында әзілкеш Александр Гудковтың "Чикен Карри" каналы тұр. Әзілкештің ең танымал шоуы - Владимир Маркони жүргізетін Comment Out. Гудковтың интернет-жобасының табысы - 1,13 миллион доллар.

Төртінші және бесінші орындарда журналист Юрий Дудь пен актер Антон Лапенко тұр. Олардың әрқайсы бір миллион долларға жуық пайда тапқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети