Телефонға арналған тоғызқұмалақ ойыны мен домбыра симуляторы жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Тоғыз құмалақ" ойыны. ©Қосымшаның скриншоты "Тоғыз құмалақ" ойыны. ©Қосымшаның скриншоты

Алматы тұрғыны ұялы телефонға арналған тоғызқұмалақ ойыны мен домбыра үйрету симуляторын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны ұялы телефонға арналған тоғызқұмалақ ойыны мен домбыра үйрету симуляторын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұржан Төлегенов ойын мен қосымша жасауды хобби деп есептейді. Оның ұялы телефонға арнап жасаған алғашқы ойындарының бірі - Walk the dog аркадасы, бұл ойында шардың үстінде ұшып келе жатқан итті басқару керек. Оны бес мыңнан астам адам жүктеп алды. Жүктегендердің басым бөлігі - шетелдіктер. Ұлттық колориті бар қосымшаны жасауды оған қарындасы өтінген. Қарындасы мектеп оқушыларына арналған тоғызқұмалақ ойынын жасау туралы ой айтқан. Төлегенов бұл ойынды екі айда жасап шықты. Өзінің айтуынша, бұл іспен ол жұмыстан бос уақытында айналысыпты. Ойынды Android және iOS платформасында жұмыс істейтін смартфондарға жүктеуге болады. Айта кетейік, Google Play-де қосымша 20 мың рет орнатылған. Ойынды Google серверін қолдана отырып, желі арқылы ойнауға болады. 

Оның соңғы жобаларының бірі - табиғи дауыс шығара алатын домбыра шертіп үйрену симуляторы. Төлегенов барлық музыкалық дыбыстарды өзі жазып алған. Қосымшаны ашқаннан кейін ұялы телефон экранында домбыраның екі ішегін көруге болады. Ішекті тартып, ойнауға болады. Экранның шеткі бөлігінде домбыраның мойыны орналасқан. Қолданушы оларды басып, аккордтарды тере алады. Android қолданушылары бұл бағдарламаны 21 мың рет жүктеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer