20 қазан 2014 08:00

Tengrinews.kz бейімделгіш дизайнға көшті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©Tengrinews.kz Иллюстрация ©Tengrinews.kz

Қазақстандық Tengrinews.kz ақпараттық сайтының дизайны өзгеріп, қолдануға ыңғайлы бола түсті. Жаңа дизайнның негізгі басымдығы бейімделгіштігінде. Енді сайт барлық функциясын сақтай отырып, түрлі мобильді құрылғыларға, үстел компьютерінің экранына, планшетке және лэптопқа өзі бейімделетін болды.


Қазақстандық Tengrinews.kz ақпараттық сайтының дизайны өзгеріп, қолдануға ыңғайлы бола түсті. Жаңа дизайнның негізгі басымдығы бейімделгіштігінде. Енді сайт барлық функциясын сақтай отырып, түрлі мобильді құрылғыларға, үстел компьютерінің экранына, планшетке және лэптопқа өзі бейімделетін болды.

Tengrinews.kz техникалық департаменті директорының айтуынша, жаңа интерфейсті құрастыру кезінде мамандардың мақсаты іздеу процесі мен сайтта материалдан материалға өтуді оңайлату болған. "Мұнымен бірге, сенсорлы дисплей жұмысының функциясы жақсартылды. Бұл, бірінші кезекте, интерфейсті swipe және tap әрекетімен басқаруға қатысты. Навигация мәзірі оң жақта ыңғайлы орналастырылды. Материалдардағы суреттерді сапалы нұсқада көруге болады, бар болғаны суреттің бетін басу керек", - дейді Мосалев.

Оның айтуынша, мамандар сайтқа жаңа ыңғайлы функциялар қосқан. Басты бетте негізгі жаңалықтарды оқып қана қоймай, сонымен қатар көп көрілген және көп талқыланған жазылған материалды көруге болады. Бұл үшін парақшаны төмен шарламай, "Оқып жатыр" және "Талқылап жатыр" қосымша бетіне өту керек.  

Tengrinews.kz сайтының жаңа дизайны жеңіл бола түсті. Осының нәтижесінде сайт бетінде көп кеңістік қалды. Қаріп көлемі өзгеріп, артық модульдер алынып тасталды, ал ақпарат логикалық блоктарға бөлінді. "Мұның барлығы оқу сапасын жақсартады, навигацияны түсіну сайтты оңайлатады. Сайт жылдамырақ әрі әдемірек болды. Бірақ барлық өзгерістерге қарамастан, біздің оқырмандар сайттың жаңа нұсқасына тез үйреніп кете алады, себебі біз басты беттің бұрынғы нұсқасынан алшақ кетпедік - барлық негізгі блогтар мен модульдер өз орындарында қалды", - дейді Мосалев.

Айта кетейік, Tengrinews.kz сайтының мобильді нұсқасы әзірше бұрынғы қалпында қала бермек, десе де жаңа дизайнды барлық мобильді құрылғы арқылы көруге болады. Бұл үшін "толық нұсқасына" өту керек. Өзгеріс Tengrinews.kz сайтының туған күніне орай болып отыр. 15 қарашада қазақстандық ақпараттық интернет-порталына 4 жыл толады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети