1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор
Серіктестік материал

"Туған жер" тарифі - ауылға арналған цифрлық мүмкіндіктер 31 наурыз 2021, 16:00

Tele2 операторы желіге "250+" бағдарламасы бойынша қосылған абоненттер үшін "Туған жер" арнайы тарифін елімізде бірінші болып әзірлеп, іске
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Tele2 операторы желіге "250+" бағдарламасы бойынша қосылған абоненттер үшін "Туған жер" арнайы тарифін елімізде бірінші болып әзірлеп, іске қосты. Оны пайдаланушылар мемлекеттік, білім беру және даму үшін маңызы зор басқа да платформаларға шексіз қолжетімдікке және тұрғылықты аймақтағы желі ішінде шектеусіз қоңырауларға қол жеткізе алады.

Қазақстанда ауыл адамдарының ұялы интернетті пайдалану аясы қарқынды өсіп келеді. Биылғы жылдың тек алғашқы екі айында ғана "250+" бағдарламасы бойынша Tele2 желісіне қол жеткізген абоненттер трафигі жарты миллион гигабайттан асты. Ауылдық жерде интернетті дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, оператор өз ресурстарының едәуір бөлігін байланыс сапасын жақсартуы тиіс жаңа инфрақұрылымдық нысандарға ғана емес, жаңа әлеуметтік бағдарланған өнімдерді дамытуға да бөлуді жоспарлап отыр.

"Интернет өмір сапасын жақсарту үшін" - "Туған жер" бірегей тарифінің негізінде дәл осындай идея жатыр. Оны әзірлеу барысында компанияның мамандары неғұрлым маңызды ресурстардың: eGOV электрондық үкіметінің сайтының, білім беру порталдарының, қазақстандық БАҚ, сондай-ақ ауылдарда қашықтан жұмыс істеуді және ауылдарда оқуды дамыту үшін 250+ бағдарламалардың қолжетімді болуын ескерді.

Өткен жылы Tele2 компаниясы шағын ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз еткен "250+" Бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысты. Компания үшін шалғай аудандарда инфрақұрылымдық нысандарды құрып дамыту, ауылдық жерлерде желіні белсенді кеңейту, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу маңызды болды.

Сергей Коньков, Tele2 бас директоры:

"Компаниямыз үшін "250+" бағдарламасы бойынша базалық станцияларды орнату бойынша барлық жұмыстарды 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау өте маңызды болды. Осының арқасында мыңдаған ауыл тұрғыны жаңа жылды жақсы интернетпен қарсы алды. Ендігі мақсатымыз арнайы тариф құру болды. Бұл ауыл адамдарына расында да пайдалы болуы үшін, кең жолақты интернетке қолжетімдікпен қатар байланыс құралдарын, білім мен мүмкіндіктер ұсыну аса маңызды. Мәселен, бесбармақ дайындау үшін адамның қолына ет пен ұнды ұстатып қою жеткіліксіз - оған әзірлеу әдісін үйрету керек. Ең дұрысы - осыған үйрететін бейне жазба ұсыну. Арнайы тариф ауыл адамдарына өздері үшін неғұрлым қызық бағытта дамуға көмектеседі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!