YouTube қауіпті пранктер мен челлендждер үшін каналдарды бұғаттайды

16 Қаңтар, 16:28
0
YouTube қауіпті пранктер мен челлендждер үшін каналдарды бұғаттайды -

Челлендждер мен пранктер қарапайым дүние болып қалды. Бүгінде зер салып, жаппай қаралу үшін аса бір ерекшелік болуы тиіс. Мысалы Bird Box челленджі - адам көзін жауып, қарапайым заттарды орындауы керек. Қауіпті челленджі әр түрлі жасап көргендер бар. 17 жастағы қыз бала көзін байлап, көлік жүргізген, жолдың қарсы бетіне өтіп кету салдарынан жол-көлік оқиғасына ұшырады. 

Осы жағдайдан кейін YouTube желісінің басшылығы осындай роликтерге деген көзқарасын өзгертуді ұйғарған. Ендігіде қауіпті пранк не челлендж түсірілген видеоларды жариялаған канал бұғатталады. Сонымен қатар, компания балалардың эмоциялық стресс алған видеоларын жариялаған каналдарды да бұғаттайды. 

"Біз ермектің қауіпті не денсаулыққа зиян келтірмейтініне көз жеткізуіміз керек. Мысалы Tide Pod Challenge немесе Fire Challenge сынды челлендждер кей жағдайда адам өлімінеалып келуі мүмкін видеоларға YouTube желісінде орын жоқ. Адамдар пранк деп сылтауратып кез келген нәрсе істеуі мүмкін. Пранкерлер өз ермегі үшін адам денсаулығына зиян келтіретін іспен айналыспағаны дұрыс, олай болмаған жағдайда каналы бұғатталады", - деді компания өкілдері. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай