22 қараша 2022 14:07

"10 жыл құлдықта ұстады". Жетісу тұрғынының өтінішін полиция тексереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Жетісу облысы Қаратал ауданының тұрғыны құлдықта болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысы Қаратал ауданының тұрғыны құлдықта болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Қаратал ауданы тұрғынының үндеуі жарияланды. Ол осыдан он жыл бұрын жергілікті тұрғын жұмысқа шақырғанын, содан бері құжаттарын алып, еңбек құлдығында ұстағанын айтты. Биыл ол шаруа қожалығынан кішкентай қызын алып кетіп қалған. Ер адам енді қорқып жүргенін айтады. Ер адам мемлекеттік органдардан құжаттарын қайтаруға көмектесуді сұрады.

Жетісу облысының полицейлері ер адамның видеосы назарға алынып, Қаратал ауданының полициясына ресми тіркелгенін хабарлады. Оның көп жыл бойы жергілікті шаруалардың бірінде еңбек құлында болғаны туралы ақпарат облыстық полиция ұйымдастырған арнайы іс-шаралар аясында тексеріліп жатыр.

Ер адамға Жетісу полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласу ұсынылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети