1,2 миллиард теңге шығын келген: “Восток Инжиниринг“ басшысына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1,2 миллиард теңге шығын келген: “Восток Инжиниринг“ басшысына іздеу жарияланды Бейнеден алынған кадрлар

Әлеуметтік нысандар құрылысына техникалық қадағалау жүргізген "Восток Инжиниринг" ЖШС басшысына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Әлеуметтік нысандар құрылысына техникалық қадағалау жүргізген "Восток Инжиниринг" ЖШС басшысына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің мәліметінше, компания 2020-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген.

Серіктестік жұмыс сапасы мен көлемін бақылап, олардың жобалық құжаттамаға сәйкестігін тексеруге тиіс болатын. Сөз дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары және жағалауды бекіту құрылыстары туралы болып отыр.

ҚМА хабарлауынша, компания көрсетілген қызметтер үшін ақы алғанымен, іс жүзінде бақылау жүргізбеген.

"Кәсіпорын басшысы жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер жазылған атқарылған жұмыс актілеріне қол қойып отырған. Тінту кезінде мөрлердің көшірме нұсқалары мен жалған актілер табылды", – деп хабарлады ведомство.

ҚМА есептеуінше, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,2 миллиард теңгеден асады.

"Восток Инжиниринг" ЖШС басшысы бой тасалап үлгерген. Оған іздеу жарияланды. Сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +26
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +29
П
Павлодар +21
Петропавл +29
С
Семей +30
Т
Талдықорған +28
Тараз +30
Түркістан +25
О
Орал +27
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер