28 маусым 2018 11:46

132 тонна су. Құлжа тасжолында шыққан өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда құтқарушылар ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Алматыда құтқарушылар ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Өрттің Астана уақыты бойынша сағат 10.46-да ауыздықталғаны айтылады. 

"Өрттің аумағы - 17 380 шаршы метр. Тікұшақтың көмегімен 44 рет су құйылды. Өрт 132 тонна судың көмегімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Құлжа тасжолында қоймалардың өртеніп жатқаны хабарланған болатын. Өрт 28 маусымда шамамен таңғы сағат 06.00-де басталған. Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, Тәттімбетов көшесі, № 282 үйдегі қойма ғимараттарынан өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ангарлық типтегі қоймалардан өрт шыққан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети