17 желтоқсан 2016 16:04

16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің неліктен ашылмай қалғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© netov.ru © netov.ru

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері кеше, 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің неліктен ашылмай қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері кеше, 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің неліктен ашылмай қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, желілерге кіре алмаудың себебі техникалық ақау болған. "Кеше байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерінде апат ақауы болды. Түнде жұмыс қайта қалпына келтірілді", - деп хабарлады ресми өкіл Арсен Бектасов.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда кешкі уақыттан бастап қазақстандықтар Желілерге қосыла алмады. Көптеген қолданушы әлеуметтік желірге, нақтырақ айтсақ, Facebook, Vk.com, Telegram, You Tube, Twitter, Instagram, Google желілеріне кіре алмай отырғанын айтып, шағымданған еді.

Ал кейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілердің ашылмай тұрғанына қатысты пікір білдірген болатын. Ведомствоның ресми өкілі Арсен Бектасовтың айтуынша, Таяу уақытта барлық ақау жөнделіп, жұмыс қайта жанданады. "Кейбіреу желілерге кіре алады, ал біреулері кіре алмай отыр. Бұл техникалық ақау", - деген еді ол.

Ал түнде әлеуметтік желілер ішінара ашыла бастады. Қазақстандықтар Instagram, Facebook желілеріне кіре алды. Алайда тікелей Интернет желісі арқылы қосылуда кедергілер болды. Ұялы интернеттен аталған сайттарға кіруге мүмкіндік болды. Айта кетейік, Қазастанда Egov.kz электронды үкімет және "Қазақтелеком" АҚ сайттарына кіру мүмкін болмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети